«Интер Майамимен» келісімшартқа отырған Аргентина құрамасындағы әлем чемпионы Лионель Мессимен алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Месси америкалық команда сапындағы алғашқы жаттығуынын өткізіп, медициналық тексеріске де қатысты.

Келісімшарт бойынша Месси жылына 50-ден 60 миллион долларға дейін алады. Бұл туралы клуб қожайындарының бірі Хорхе Мас мәлімдеді. Сондай-ақ ол футболшы мансабын аяқтағанда клубта үлеске ие болатынын айтты.

Клуб MLS Шығыс конференциясында ойнайды. Аргентиналық ойыншының дебюті 21 шілдеде мексикалық «Крус Азуль» клубына қарсы ойында өтуі керек.

Мессиден басқа, Интер Майами аргентиналықтың Барселонадағы бұрынғы серіктесі Серхио Бускетспен келісімге келді.