Украиналық жартылай қорғаушы «Ордабасы» клубымен келісімшартқа қол қойып, команда сапына қосылды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Евгений Украина құрамасының сапында 14 матч өткізген. Бұған дейін «Динамо» Киев, «Андерлехт», «Корт рейк», «Фехервар» секілді командаларда ойнаған.

Бұған дейін «Ордабасы» сапына Киевтің «Динамо» клубының түлегі Артем Беседин қосылған еді. Кәсіпқой мансабын 2016 жылы бастап, украиналық команда сапында 143 мәрте алаңға шығып, 35 гол соққан.