Жартылай орта салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Камару Усман қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туралы айтты, деп жазады Prosports.kz сайты «Спорт Шредингер» арнасына сілтеме жасап.

– Камару, Шавкатпен жекпе-жек өткізесіз бе? Сіздер Kill Cliff залында бірге жаттығу жасаған едіңіздер.

– Егер ол титулды жекпе-жек болса, қабылдайтын едім. Өйткені, кез келген спортшы чемпион болғысы келеді. Мен чемпион болсам, неге біреудің чемпион болу мүмкіндігінен бас тартуым керек?! Бірақ егер бұл жекпе-жек титул үшін болмаса, оның не қажеті бар, өйткені біз бір жаттықтырушының қол астында жаттығамыз», - деді Усман.