Қазақстан кубогының алғашқы финалисі белгілі болды

Қазақстан кубогының алғашқы финалисі белгілі болды

«Ордабасы» футболдан Қазақстан кубогының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда шымкенттіктер елордалық «Астанамен» кездесті. Астанада өткен алғашқы матчта ел чемпиондары 1:0 есебімен жеңген болатын. 

Шымкенттегі қарымта матчтың да негізгі уақыты дәл осындай есеппен аяқталды. 63-минутта Шахбоз Умаров жалғыз голды соқты.

Сондықтан жеңімпаз овертаймда анықталды. Бірінші экстра-таймға қосылған қосымша уақытта Темірлан Ерланов гол соғып, «Ордабасыға» жеңіс сыйлады.

Қазақстан кубогының финалында шымкенттіктердің қарсыласы «Тобыл» не «Атырау» болады.

«Ордабасы» - «Астана» - 2:0 (0:0, 1:0, 0:0)

Голдар: Умаров 63 (1:0), Ерланов 105+2 (2:0)

06 шілде 2023, 21:00. Шымкент, Қажымұқан атындағы стадион.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или