Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойын көрсетеді.

Бұл жөнінде ол «Mundo Deportivo» сайтына берген сұхбатында ресми түрде мәлімдеді.

Арнайы мәлімдемесінде «Барселона» және «Пари Сен-Жермен» клубтарының бұрынғы ойыншысы жаңа командаға ауысқанын растады.

«Мен «Барселона» командасына оралмаймын, мен «Интер Майами» командасы қатарына қосыламын. Енді реттейтін бірнеше жұмыс бар. Бұл сауал 100 пайыз толықтай шешілді деп санаймын», - деді ол.