«Челси» жартылай қорғаушысы Нголо Канте «Аль-Иттихад» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы журналист Джанлука Ди Марцио хабарлады.

Айта кетейік, Канте бұған дейін Сауд Арабиясы чемпионымен екі жылдық келісімшартқа отырған. Мәміле кеше түнде аяқталды. Канте еркін агент ретінде Сауд Арабиясына ауысады. Ол «Челсимен» келісімшартты ұзарту туралы келісімге келе алмады.

Дереккөздің хабарлауынша, Канте «Аль-Иттихадпен» 2 жылдық келісімшарт жасады. Ойыншы 200 миллион еуро алады.