Қазақстандық Nomad Fighting Championship лигасы Алматыда өтетін ашық турнирдің баспасөз мәслихатынан видео жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, жекпе-жек кеші аясында 13 тартысты кездесу өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық терминатор Мұратбек Қасымбай әйгілі ресейлік поп-ММА өкілі Никита Солонинмен кездеседі.

Ко-мейн ивентінде танымал қазақстандық Еркебұлан Тоқтар ресейлік Фарид Ядуллаевпен күш сынасады.

77 келіге дейінгі салмақта Гран-при финалында Шерзод «Разрушитель» Абдужаппаров Темірұлан «Underdog» Шашубаймен кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы 5 000 000 теңге алады.

Сондай-ақ турнир аясында Қазақстан мен Өзбекстанның екі кәсіпқой боксшысы – Бектас Қасеная мен Исламбек Пірмановтың жекпе-жегі өтеді.

Баспасөз мәслихатының толық видеосын төменде көруге болады:

Алдағы жалаң қолмен жекпе-жек турниріне билеттерді almaty-arena.kz сайтынан сатып алуға болады.

Nomad FC лигасының ресми серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі