Nomad FC «Қазақ Терминаторы» қатысатын турнирдің баспасөз жиынынан видео жариялады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық Nomad Fighting Championship лигасы Алматыда өтетін ашық турнирдің баспасөз мәслихатынан видео жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айта кетейік, жекпе-жек кеші аясында 13 тартысты кездесу өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық терминатор Мұратбек Қасымбай әйгілі ресейлік поп-ММА өкілі Никита Солонинмен кездеседі.
Ко-мейн ивентінде танымал қазақстандық Еркебұлан Тоқтар ресейлік Фарид Ядуллаевпен күш сынасады.
77 келіге дейінгі салмақта Гран-при финалында Шерзод «Разрушитель» Абдужаппаров Темірұлан «Underdog» Шашубаймен кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы 5 000 000 теңге алады.
Сондай-ақ турнир аясында Қазақстан мен Өзбекстанның екі кәсіпқой боксшысы – Бектас Қасеная мен Исламбек Пірмановтың жекпе-жегі өтеді.
Баспасөз мәслихатының толық видеосын төменде көруге болады:
Алдағы жалаң қолмен жекпе-жек турниріне билеттерді almaty-arena.kz сайтынан сатып алуға болады.
Nomad FC лигасының ресми серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі