Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду 2022/2023 маусымының қорытындысы бойынша Сауд Арабиясы лигасының үздік 11-іне кіре алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сауд Арабиясы Лигасы символдық команданың құрамын жариялады,оның құрамында Роналду жоқ.

Бұ ретте символдық құрамда «Әл-Наср» ойыншылары бар - бір кездері «Бавария» сапында ойнаған бразилиялық жартылай қорғаушы, Луис Густаво және ивуарлық қорғаушы Гислейн Конан бар.