Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси мансабын қай клубта жалғастыратыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Беделді инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, «Алтын доптың» жеті дүркін иегерінің жаңа клубы бұрынғы футболшы Дэвид Бекхэмге тиесілі «Интер Майами» болады.

Дереккөздің хабарлауынша, ресми трансфер жақын сағаттарда белгілі болады.

Еске салайық, ПСЖ 2022/2023 маусымының соңында Мессидің кететінін хабарлаған болатын. 35 жастағы ойыншы клубтан еркін агент ретінде кетті: Лионель командада 2021 жылдың жазынан бері ойнайды. Мессидің әкесі Хорхе ұлының 2000 жылдан 2021 жылға дейін құрамында болған Барселонаға оралғысы келетінін айтты.