Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалдық кезеңінің матчтары аяқталды, деп жазады Prosports.kz.

Олардың қорытындысы бойынша турнирдің жартылай финалына «Астана», Ордабасы», «Атырау» және «Тобыл» командалары жолдама алды.

Жұптар келесідей:

«Астана» - «Ордабасы»

«Тобыл» – «Атырау».

Жартылай финал 28 маусым мен 8 шілдеде өтеді. Финал 4 қарашада өтеді.