Атырауда «Атырау» мен «Қайрат» арасындағы футболдан Олимпбет-2023 Қазақстан кубогының 1/4 финалының қарымта кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Қонақтар Нсунгуси Эффионганың дубліне Ян Труфановтың голымен ғана жауап берді.

Бірінші ширек финалдық матчта тең түскеннен кейін екі кездесудің қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңіске жеткен «Атырау» футболдан Олимпбет-Қазақстан кубогының жартылай финалына жолдама алды.

«Атырау» – «Қайрат» – 2:1 (1:0)

Гол соққандар: Эффионг 16 (1:0), 51 (2:0) – Труфанов 67 (2:1)

2023 жылғы 7 маусым, 19:00. Атырау, «Мұнайшы» стадионы.