OCTAGON лигасы Алматыдағы O46 турнирінің басты жекпе-жегін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 маусымдағы жекпе-жек кешінің мейн ивентінде жеңіл салмақта қазақстандық чемпион Анастасия Дюжикова (6-2) түркиялық Татсьяна Фирсавамен (6-2) кездеседі.

«Жеңіл дивизиондағы екі үздік спортшы өз салмақ дәрежесінде үздіктерді анықтайды! Фирсава лиганың түркиялық алғашқы чемпионы атанғысы келеді және осыған қол жеткізу үшін барын салады! Дюжикова чемпиондық титулды Қазақстанда қалдырып, өз жанкүйерлері алдында алғаш рет белбеуін қорғамақ!», - деп хабарлады лиганың баспасөз қызметі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы