10 маусымда Алматыда өтетін Nomad FC лигасының жалаң қолмен жекпе-жек кешінде танымал қазақстандық ММА файтері Жұман «Арлан» Жұмабеков рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандық спортшының қарсыласы поп-ММА өкілі Иса «Кровопускатель» Пилипенко болады. Ресейлік файтер 2021 жылы Hardcore турнирінде «Қазақ Терминаторы» Мұратбек Қасымбаймен кездесіп, техникалық нокаутпен жеңіліп қалған еді.

Айта кетейік, «Алматы Аренада» өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде Қасымбай поп-ММА-дің тағы бір өкілі ресейлік Никита Солонинмен кездеседі.

Алдағы жалаң қолмен жекпе-жек турниріне билеттерді almaty-arena.kz сайтынан сатып алуға болады.

Nomad FC лигасының ресми серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі