Англия кубогының финалында «Манчестер Сити» «Манчестер Юнайтедті» 2:1 есебімен жеңді. Ойын Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хосеп Гвардиола командасының сапында жартылай қорғаушы Илкай Гюндоган дубль авторы атанды. Оған екі рет жартылай қорғаушы Кевин Де Брюйне голдық пас берді. «Манчестер Юнайтед» сапында Бруно Фернандеш пенальтиден гол соқты.

Манчестер Сити жетінші рет Англия кубогын жеңіп алды. Мұны тек «Челси» (8), «Тоттенхэм» (8), «Ливерпуль» (8), «Манчестер Юнайтед» (12) және «Арсенал» (14) жиі орындады.

«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының финалында «Интерді» жеңсе, биылғы маусымда требл жасауға мүмкіндік бар. Ойын 10 маусымда Ыстамбұлда өтеді.