«Вулверхэмптонның» спорт директоры Мэтт Хоббс жартылай қорғаушы Жоао Моутинью мен шабуылшы Диего Костаның кетенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншылардың келісімшарттары аяқталды. Клуб оларға жаңа келісімшарт ұсынбауға шешім қабылдады.

Вингер Адама Траоре де келісімшарт мерзімі аяқталған ойыншылар қатарында. Испаниялық футболшы басқа клубтармен келіссөздер жүргізе алады, бірақ «қасқырлар» оны клубта қалдырысы келеді.

Моутиньо «Вулверхэмптонда» 2018 жылдан бері ойнап келеді. Жалпы, 36 жастағы жартылай қорғаушы команда сапында 212 матч өткізіп, 5 гол соғып, 25 нәтижелі пас берген.

Коста клубта бір маусым өткізді. Ол жарақат алған Саша Калайджичтің орнына алынған. 34 жастағы шабуылшы осы маусымда «Вулверхэмптон» сапында 25 ойынға қатысып, 1 гол соққан.