ПСЖ қорғаушысы Серхио Рамос маусым соңында клубтан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Defensacentral.com мәліметінше, ойыншыға «Әл-Хилал» қызығушылық танытып отыр. Сауд Арабия клубы ойыншыға екі жылдық келісімшарт, сондай-ақ салық және тұрғын үй жеңілдіктерін ұсынуға дайын.

37 жастағы испаниялық ойыншы еуропалық топ-клубтан түскен кез келген ұсынысын қарастыруға дайын, бірақ Сауд Арабиясына ауысу мүмкіндігін де жоққа шығармады.