Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Литтл-Рокта өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда Жұқаев отандасы Михаил Кукушкинді 6:7, 6:4, 7:5 есебімен ұтты.

Айта кетейік, кездесу 2 сағат 49 минутқа созылды.

Жартылай финалда 22 жастағы отандасымыз аустралиялық Адам Уолтонмен кездеседі.