Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева «Үлкен дулыға» Франция ашық чемпионатының 1/8 финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың үшінші айналымындағы кездесуде қазақстандық америкалық Слоан Стивенстен 3:6, 6:3, 2:6 есебімен ұтылды. Кездесу 2 сағат 19 минутқа созылды.

Еске салайық, Ролан Гарростың жалпы жүлде қоры 49 600 000 еуроны құрады.Әйелдер арасындағы турнирдің қазіргі чемпионы - әлемнің бірінші ракеткасы Поле Ига Свентек.