Қазақстандық екі теннисші Франция ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еліміздің бірінші және екінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева «Ролан Гаррос-2023» үшінші кезеңінде өнер көрсетеді. Бұл барлық елді санағанда үшінші көрсеткіш.

Бірінші орында Ресей, бұл елден 8 теннисші қатысып жатыр.

Екінші орында - АҚШ. Америкалықтардан 6 теннисші бар. Ал Қазақстан екінші теннисшімен үшінші орында.