Украиналық теннисші Марта Костюк ресейлік қарсыласының қолын алудан бас тартты. «Ролан Гаррос» микстінің бірінші айналымындағы матчтан кейін Костюк Вера Звонарёваның қасынан өтіп, ресейліктің әріптесі аргентиналық Андрес Мольтенидің қолын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Костюк пен сальвадорлық Марсело Аревало дуэті Звонарёва мен Мольтени жұбын 2:6, 4:6 есебімен жеңген болатын.