«Сарыарқа» сапында 8 жыл өнер көрсеткен капитан Эдгарс Сиксна командадан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023-2024 маусымында латвиялық хоккейші «Арлан» командасында ойнайды.

Эдгарс Сиксна «Сарыарқа» сапында 477 кездесу өткізіп, үш рет Қазақстан чемпионы атанды, 2018-2019 жылғы маусымда Петров кубогын жеңіп алды, сондай-ақ Сиксна маусым қорытындысы бойынша үш мәрте үздік қорғаушы атанған.

«Біз Эдгарсқа жұмысы үшін алғыс айтамыз және оған жаңа командада сәттілік тілейміз!», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.