Астаналық «Барыстың» маусымалды турнирдегі қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазандағы «Танеко кубогы» 10-14 тамызда өтеді. Қазақстандық хоккейшілер жергілікті «Ак Барс», ярославтік «Локомотив» мен челябинскілік «Трактормен» күш сынасады.

Ал 20 тамызда «Барыс» Омда «Виктор Блинов атындағы Мемориалға» қатысады. Бұл жақта қарсыластары жергілікті «Авангард», «Локомотив», сондай-ақ «Нефтехимик» пен уфалық «Салават Юлаев» болады.