Өзбекстандық «Хумо» ресейлік хоккейші Денис Шураковпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ташкенттік «Хумо» хоккей клубы жаңа маусым алдында құрамын жаңарту жұмыстарын жалғастыруда. Командадан 15-ке жуық хоккейші кетті.

Жақында клуб қорғаушы Денис Шураковпен келісімшартты ұзартты. Өткен маусымда 28 жастағы хоккейші 37 матчта 25 ұпай (11+14) жинады», - деп жазады дереккөз.

Еске салайық, Қазақстан чемпионатының соңғы маусымында «Хумо» финалға шығып, «Номадқа» есе жіберген болатын.