Қақпашы Артём Микушин мансабын «Ақтөбе» сапында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен маусымда ойыншы «Сарыарқа» сапында өнер көрсетті. Қарағандылық клуб сапында Микушин 18 матчқа, плей-офф кезеңінде алты ойынға қатысты.

Өткен маусымдағы көшбасшылардың бірі Иван Кучин «Ақтөбеде» қалды. Форвард соңғы тұрақты маусымда 46 (12+34) ұпай жинап, үздік бомбардирлер тізіміне енді.