«Астана» қорғаушысы Камо Оганесян ҚПЛ аясында өткен «Атырауға» қарсы матч (0:0) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Қиын ойын болды. Әрине, жеңіске жетуді ойладық және қарсылас қақпасына көп қауіп төндірдік, бірақ нәтиже біз ойлағандай болмады. Бізге гол ғана жетіспеді, жігіттер барын салды, барлығы жеңіске ұмтылды.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының 11-туры аясындағы «Атырау» - «Астана» кездесуі тең (0:0) аяқталған болатын.