Қазақстан құрамасын бас бапкері Магомед Адиевтің көмекшісі Руслан Балтиев ел чемпионатының 11-туры аясында Петропавлда өткен «Қызылжар» - «Ордабасы» матчына барды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Балтиев матчқа еліміздің бас командасына үміткер ойыншылары көру, сондай-ақ «Ордабасыда» ойнайтын ұлттық құрама мүшелерінің қазіргі бабын бағалау мақсатында барды. Балтиев ойынды басынан аяғына дейін тамашалады.

Айта кетейік, «Қызылжар» мен «Ордабасы» арасындағы ойында шымкенттік клуб жеңіске жетті. 93-минутта Бернардо Матич бұрыштама кезінде гол соғып, командасына ұпай әкелді.