Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының өтінімін жариялау күні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, Магомед Адиев құрамды 5 маусымда жариялайды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы 8 маусымда Еуро-2024 іріктеуіндегі Сан-Марино мен Солтүстік Ирландия құрамаларына қарсы матчқа дайындық үшін Алматыда жиналатынын хабарлаған болатын.

Сан-Марино мен Солтүстік Ирландияға қарсы ойындар 17 және 20 маусымда өтеді. Матчтар Парма мен Белфастта өтеді.