Лео Игита «Ақтөбе» ФК бас бапкеріне қолдау көрсетті

«Қайрат» АФК капитаны Лео Игита «Ақтөбе» ФК бас бапкері Андрей Карповичке қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz тілшісі.
«Бапкерге осынша қысым жасаудың не керегі бар? Команда осылай жақсарады деп ойлайсыздар ма? Жұмыс істеу керек, болды! Бапкерден клубтан кетуді сұрау - ең дұрыс нұсқа емес.
Соңғы маусымдарда «Ақтөбе» өте жақсы ойнады! Бұл маусым жанкүйерлер қалағандай емес. Тек жұмыс арқылы бұл сценарийді өзгертуге болады», - деп жазды Лео.
Еске салайық, бұған дейін ақтөбелік клубтың жанкүйерлері бас бапкердің қызметтен кетуін талап еткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или