Рыбакина Forbes тізіміне енді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Forbes тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, америкалық Forbes журналы Азия-Тынық мұхиты өңірінің өкілдері арасындағы 30 жасқа дейінгі әлеуеті зор спортшылардың тізімін жариялады. Оған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина енген.
«Тағы бір болашағы жарқын спортшы - бұл Елена Рыбакина. Ол «Уимблдон» турнирін жеңіп алған алғашқы қазақстандық. Қазіргі уақытта теннисші әлемдік рейтингте төртінші сатыда тұр және 10 миллион долларға жуық табыс тапты», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, жақында Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда Украина өкілі Ангелина Калининадан басым түсті.
Қазіргі уақытта қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 4-орында тұр.