Әйгілі ONE және DIA промоушндарының бұрынғы чемпионы қазақстандық Игорь Свирид Мәскеуде өтетін ресейлік AMC Fight Nights турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшының қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ.

Басты жекпе-жекте ресейлік Дмитрий Бикревпен титулдық қарымта кездесуін өткізетін тағы бір қазақстандық спортшы Гойти Дазаев өнер көрсетеді.

Айта кетейік, орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін 36 жастағы Свирид кәсіпқой мансабында 26 жекпе-жек өткізіп, 16 жеңіс, он жеңіліс тапқан.