Eurasian Fighting Promotion чемпиондар көш бастаған бонустардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бірінші орында 47 ұпаймен жеңіл салмақтағы чемпион Мухаммаджон Құрбанов (10-4). Одан кейін 41 ұпаймен жеңілмеген «Қазақ сехудосы» Дамир Төленов (9-0) тұр. Үздік үштікті өз қоржынында 38 ұпайы бар жартылай орта салмақтағы король Магомед Магомедов (12-0) жапты.

Жыл соңында үздік файтерлер арнайы сыйлықтарға ие болады:

1 орын – $10 000

2 орын - @tigermuaythai-де 6 апталық оқу-жаттығу жиыны

3 орын – 3000 доллар

60 ұпайдан жоғары жинаған барлық спортшылар @underdogkz арнасынан арнайы бонустарға ие болады.