«Атырау» Қазақстан чемпионатындағы 700-голын соқты

Нигериялық шабуылшы Нсунгуси Эффионгтың сырт алаңда талдықорғандық «Жетісу» қақпасына соққан голы «Атыраудың» Қазақстан чемпионатындағы 700-голы болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Эффионгтың голынан кейін есеп 2:0 болды. Ал жалпы есепте атыраулық команда сырт алаңда 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Талдықорғандағы жеңістің арқасында <span>«Атырау»</span> 17 ұпай жинап, Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде алтыншы орынға жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или