Қазақстандық теннисші Александр Недовесов сербиялық Никола Чачичпен жұптасып Туринде (Италия) өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирінің жұптық сынында жартылай финалда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Недовесов пен Чачичтің қарсыластары америкалық Натаниэль Лэммонс пен Жаңа Зеландия спортшысы Джон Пирс болды.

Матч 56 минутқа созылды.