Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Американың Пенсакола қаласында өтіп жатқан турнирдің жекелей сынында жартылай финалдағы қарсыласын білді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Доминикана Республикасының өкілі Роберто Субервимен кездеседі.

Матч 20 мамыр күні Астана уақытымен 21:00-де басталады.

Айта кетейік, бұл матч қарсыластар үшін тарихтағы төртінші ойын болады. Бұрынғы кездесулердің барлығы 2020 жылы өтті.