20 мамырда «Ақтөбе» мен «Атырау» футзалдан Қазақстан чемпионатының қола жүлдесі үшін серияның шешуші матчын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазір серияда есеп 2:2 болып тұр. Шешуші матч Астана уақытымен 18:00-де басталады.

«Ақтөбе» – «Атырау» матчының трансляциясын FC Aktobe TV Youtube-арнасынан көруге болады.