Қазақстан футбол федерациясы футзалдан 2022/2023 жылғы Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің финалындағы ел чемпионын анықтаған төртінші матч туралы фильм шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рудныйлық «Аятты» сырт алаңда 6:5 есебімен ұтқан алматылық «Қайрат» финалдық серияда 3:1 есебімен алға шығып, қатарынан жиырмасыншы мәрте алтын медаль иеленді.

Қос команданың ойыншылары мен жаттықтырушылар штабының өкілдері ойыннан алған әсерлерімен бөлісті.