Қорғаушы Ашраф Хакими Франция чемпионатындағы «Аяччо» қарсы ойында алаңнан қуылғаннан кейін екі матчқа шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Франция кәсіпқой футбол лигасына сілтеме жасап.

Осылайша, Хакими «Осер» (21 мамыр) және «Страсбургқа» (27 мамыр) қарсы ойындарға қатыспайды. Марокколық футболшы «Клермонға» қарсы маусымның соңғы матчында ойнай алады (3 маусым).

Франция чемпионатының аяқталуына үш тур қалғанда ПСЖ турнир кестесінде бірінші орында келеді. Кристоф Галтье командасы екінші орындағы «Ланстан» алты ұпай алда.