Ағылшын Премьер-Лигасы маусымның үздік бапкеріне атағына үміткерлерді жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімге Микель Артета («Арсенал»), Роберто Де Зерби («Брайтон»), Унаи Эмери («Астон Вилла»), Хосеп Гвардиола («Манчестер Сити»), Эдди Хоу («Ньюкасл») және Марку Силва («Фулхэм») енді.

Үздік бапкердің есімі 30 мамырда белгілі болады. Жеңімпазды анықтау үшін жанкүйерлердің дауыстарын футбол сарапшылары тобының дауыстарымен біріктіріледі.