OCTAGON лигасының орта салмақтағы чемпионы Керім Дайдов (7-0) Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жеңіліс көрмеген боксшы чемпион Махмұд Сабырханды марапаттау рәсімінде жанкүйерлердің қазақ әнұранын капелламен орындаған сәті түсірілген кадрлармен бөлісті.

Қазақстан 2023 жылғы әлем чемпионатында төрт алтын (Санжар Ташкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай) және бір күміс (Дулат Бекбауов) жеңіп алып, жалпыкомандалық медальдар есебінде екінші орынға шықты.

Eurasian Fighting Promotion - OCTAGON 45 келесі турнирі 27 мамырда Алматыда өтеді.