Еуразиялық аралас жекпе-жек промоушені жеңіл салмақтағы чемпион Дамир «Қазақ Сехудосы» Төленовтің (9-0) үшінші титулды қорғау алдындағы жекпе-жектерінің үздік сәттерінің видеосын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

«Жеңіл салмақтағы чемпион Дамир Төленов (9-0) OCTAGON 45-те қырғызстандық файиер Абдывасы уулуға (11-6) қарсы титулды үшінші рет қорғайды. Бұл турнир рекорды болады», - делінген хабарламада.

Еске салайық, O45 ивенті 27 мамырда Алматыда өтеді. Турнирде Теймур Жапаров, Аян Тұрсын, Нұрберген Шәріпов, Ержан Естанов, Мықтыбек Мамасалиев, Жұмабек Тұрсын, Ильяр Асханов, Георгий Кичигин сынды танымал қазақстандық файтерлер өнер көрсетеді.

Екінші маңызды жекпе-жекте ұйымның жартылай ауыр салмақтағы чемпионы Кәрім Рузбакиев (9-1) ресейлік Даниял «Т-34» Елбаевпен (9-5) кездеседі.

Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы