Бүгін «Аят» пен «Қайрат» арасында футзалдан Қазақстан чемпионаты финалдық сериясының төртінші ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесуде 6:5 есебімен алматылық клуб жеңіске жетті. Өткен ойын да қонақтар пайдасына аяқталған (5:1).

Осылайша «Қайрат» серияда 3:1 есебімен алға шығып, 2022/23 жылғы маусымда Қазақстан чемпионы атанды.

Айта кетейік, алматылық клуб қатарынан жиырмасыншы мәрте чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Бүгінгі ойында «Аят» сапында Луан Марсело покер авторы атанса, Азат Валиуллин бір гол соқты.

Ал жеңіске жеткен команда сапында Дуглас төрт гол соғып, Диего мен Альберт Акбаликов көзге түсті.