Бүгін футзалдан Қазақстан чемпионаты финалдық серияның үшінші ойыны аясында «Аят» пен «Қайрат» АФК арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 5:1 есебімен алматылық клубтың пайдасына аяқталды. Осылайша, «Қайрат» финалдық серияда алға шықты – 2:1.

Жеңімпаздар қатарында Дуглас Жуниор (хэт-трик) мен Дәурен Тұрсағұлов (дубль) голдың авторы атанды. Алаң қожайындары сапында Луан Марсело гол соқты.

Фото: «Қайрат» АФК