Астана уақытымен бүгін таңертең Стоктон қаласындағы (АҚШ, Калифорния) бокс кешінің басты жекпе-жегі өтті. Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) мен Канада өкілі Стивен Батлер (32-4) -1, 26 КО) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық титулын бәске тікті. Жекпе-жек он екі раундқа жоспарланған, бірақ екінші үш минуттықта Әлімханұлы қарсыласты нокаутқа жіберді. Сонымен қатар, «Қазақ стилі» қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп үлгерді.

Жәнібек Әлімханұлы осылайша екінші рет чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.