Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жекпе-жекте чемпиондық атағын қорғап қалғаннан кейін рингте мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Ассалаумағаллейкум, баршаңызға! Бокстың чемпиондары, жұлдыздары қайдасыңдар? Мен дайынмын. Тіпті, ертең тағы жекпе-жек өткізетін қауқарым бар. Суперорта салмақта да боктасамын, - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, қазақстандық қарсыласын алдымен екі рет нокдаунға жіберіп, кейін нокаутқа түсіріп, мансабындағы он төртінші жекпе-жегін тіркеді.