Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан 2023 жылы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда қазақстандық Үндістан өкілі Сачин Савичпен кездесті. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) спортшымыздың пайдасына аяқталды.

Еске салайық, 1/16 финалда Сабырхан венгриялық спортшы Иштван Сакадан басым түскен болатын.

Бүгін кешкі сессияда Қазақстанның тағы екі өкілі өнер көрсетеді: Дулат Бекбауов (67 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі).