Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Күндізгі сессияда Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов жекпе-жек өткізді. Ширек финалға шығу үшін ол Израиль өкілі Мирослав Капулер-Ищенкомен жұдырықтасты.

Асланбек барлық раунд бойы басымдық танытып, үшіншісінде қарсыласын нокдаунға түсірді. 71 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте жерлесіміз төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Бүгін турнирде Қазақстанның тағы төрт өкілі өнер көрсетеді: Нұрбек Оралбай (80 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Дулат Бекбауов (67 келі) және Нұрқанат Райыс (75 келі).