Boxingnews24.com сайтының авторы Крейг Дэли қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы британиялық Дензел Бентлимен реванш өткізуі керек деп санайды, деп хабарлайды Prosports.kz .

Айта кетейік, 12 қарашада Әлімханұлы Лас-Вегаста өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Бентлимен кездесіп, 116-112, 116-112 және 118-110 есебімен жеңіске жеткен.

- Өткен қарашада Жәнібек орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы ретіндегі алғашқы жекпе-жегінде Дензел Бентлиді аз ғана ұпаймен жеңді. Бокс жанкүйерлері екеуінің реваншын көргісі келеді, өйткені олардың өткен жылғы жекпе-жегі керемет болды, - деп жазды автор.