Бүгін, 9 мамырда бокстан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем чемпионатында бес қазақстандық боксшы ширек финалға жолдаманы сарапқа салады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Күндізгі сессияда ел намысын екі спортшы қорғайды. 8-жұпта ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) израильдік Мирослав Капулер-Ищенкомен, 11-жұпта Нұрбек Оралбай (80 келі) түркиялық Каан Айкутсунмен кездеседі.

Елорда уақытымен сағат 19:00-де басталатын кешкі сессияда Махмұд Сабырхан (54 келі), Дулат Бекбауов (67 келі) және Нұрқанат Райыс (75 келі) өнер көрсетеді.

1-жұп. Махмұд Сабырхан - Сачин Сачин (Индия);

7-жұп. Дулат Бекбауов - Акаш Акаш (Индия);

11-жұп. Нұрқанат Райыс - Вандерлей Перейра (Бразилия).

Жекпе-жектердің тікелей трансляциясын мына СІЛТЕМЕ арқылы Qazsport телеарнасынан көруге болады.