Словакиялық шабуылшы Томаш Юрчо келісім-шартының аяқталуына байланысты Кунлун Ред Стар клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Бейжің командасының баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде хабарлады.

30 жастағы Юрчо Кунлунға 2022 жылдың қарашасында қосылды. Команда үшін 32 матчта «-6» пайдалылық көрсеткішімен 25 (10+15) ұпай жинады.

Юрчо 2021/2022 маусымын «Барыс» құрамында өткізіп, тұрақты маусымда 17 ойын өткізіп, 11 (3+8) ұпай жинады. Плей-офф кезеңінде бес ойын өткізіп, екі гол соқты.